Франшиза сайты
Foxidrinks
Бабл-ти мен балмұздақ франшизасына өтінім жинайтын екі тілді лендинг: форматтар, табыс моделі, іске қосу жолы.
18 сайтымыз дәл қазір онлайн
Сайт, CRM, WhatsApp-тағы AI сатушы және Telegram бот. Бәрін бір команда жасайды, бір-бірімен байланыстырады. Келген әр клиент сізге бірден түседі.
Бұл сайттардың бәрі қазір жұмыс істеп тұр. Ашып, өзіңіз тексеріңіз.
Франшиза сайты
Бабл-ти мен балмұздақ франшизасына өтінім жинайтын екі тілді лендинг: форматтар, табыс моделі, іске қосу жолы.
Жұмыс пен талант платформасы
Талант тесті, AI арқылы вакансиямен сәйкестік, WhatsApp арқылы бір минутта тіркелу, компаниялар кабинеті.
Корпоративтік сайт
IT-холдингтің сайты: тарих, құндылықтар, жобалар, вакансиялар мен БАҚ бөлімі.
Жастар ұйымының платформасы
Тіркелу мен қабылдау, спикерлер, даму пакеттері. Ішінде қатысушы кабинеті мен CRM.
Іс-шараға тіркеу
Бағдарлама, спикерлер, JJT Trip және онлайн тіркеу — бір беттік лендинг.
AgriTech платформа
Фермерлерге арналған платформа: не егу керек, аймаққа сай ұсыныстар, нарық бағасы, маркетплейс.
Цифрлық платформа
Қоғамдық ұйымның платформасы: құрылым, жаңалықтар, көшбасшылар және мүшелерге жеке кабинет.
QR-мәзір
Әр дүкенге жеке QR-мәзір: қонақ үстелдегі кодты сканерлеп, мәзірді бірден ашады.
Бағалар — бастапқы. Нақты сома тапсырмаға байланысты, кеңес тегін.
Сайтқа келген клиент жоғалмауы керек. Сондықтан сайтты жүйемен бірге жасаймыз.
Әр клиент базада: кім жазды, не сұрады, кім жауап берді. Ешкім ұмытылмайды.
WhatsApp-та бағаңызды, шарттарыңызды біледі, клиентті төлемге дейін жеткізеді.
Жаңа өтінім, тапсырма, күнделікті есеп — бот арқылы телефонға бірден келеді.
Meta жарнамасы, сайт трафигі және сатылым бір есепте. Ақша қайда кетіп жатқаны анық.
01
15 минуттық қоңырау не WhatsApp. Бизнесіңізді, клиентіңізді, мақсатыңызды түсінеміз.
02
Беттің құрылымы мен мәтінін жазамыз, дизайнды сізбен бірге бекітеміз.
03
Сайт пен жүйені жасаймыз. Әр кезеңде жұмыс нұсқасын көрсетеміз.
04
Домен, SSL, аналитика, WhatsApp пен CRM байланысы — бәрін өзіміз қосамыз.
05
Сайт тоқтап қалса, бірінші біз білеміз: серверді тәулік бойы бақылаймыз.
Не керек екенін қысқаша жазыңыз. Қай шешім тиімді, қанша тұрады және қанша уақыт кетеді — соны айтамыз.
Жақын арада хабарласамыз. Асығыс болса — WhatsApp-қа жазыңыз.